Аймақтар
1 мин оқу 130

Нұр-Сұлтанда демалыс күндері ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

<p style="text-align: justify;">14 және 15 қарашадан бастап, әр демалыс күндері "Аспан Базар" СҮ (Р. Қошқарбаев, 37) Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі.</p>

Өңірлердің шаруа қожалықтары Нұр-Сұлтан тұрғындарына қолайлы бағамен азық-түліктің кең ассортиментін ұсынады. Мысалы, картоп пен сәбіз бағасы – 100 тг., пияз және қырыққабат – 80 тг.

Ақмола облысының шаруа қожалықтары мен "Бақара" ЖШС сиыр етін 1750 кг/ теңге бағада ұсынады. Шығыс Қазақстан облысынан жылқы еті 1900 кг/тг және қой еті 1700 кг/ тг бағада әкелінеді.

Бакалея өнімдерін Ақмола және Қарағанды облыстары ұсынады.

Жәрмеңке апта сайын әр сенбі және жексенбі күндері өтеді. Келушілер санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек.

Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда демалыс күндері ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді · Egemen Qazaqstan