Аймақтар
1 мин оқу 140

Қызылорда облысында бүлдіршіндер ұрлықпен айналысқан

<p style="text-align: justify;">Қызылордалық полицейлер ұрлықпен айналысқан екі кәмелетке толмағанды ұстады, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a><br /><br /></p>

10 қараша күні полицияға қаладағы екі сауда орталығының кәсіпкерлерінен  күндіз белгісіз біреулердің ұялы телефондары мен әшекей бұйымдарын ұрлап кеткені туралы арыз келіп түскен.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмыстарға 10 және 7 жастағы екі баланың қатысы бар екенін анықтады.

Балаларының тәрбиесімен айналыспаған жасөспірімдердің  анасына қатысты тиісті құжаттар жинақталып, ата-аналық құқығын шектеу үшін Қызылорда облысының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Бөлісу:
Қызылорда облысында бүлдіршіндер ұрлықпен айналысқан · Egemen Qazaqstan