Әлем
1 мин оқу 330

АҚШ-та онлайн қазақ сыныбы ашылды

<p style="text-align: justify;">АҚШ-тың Хьюстон қаласында онлайн қазақ сыныбы ашылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

"Жоба "Отандастар қоры" КеАҚ қолдауымен жүзеге асырылды. Онлайн сынып ашу үшін арнайы құрылғылар топтамасы "Шаңырақ" қоғамдық ұйымына табысталды. Қазақ сыныбы 9301 W Belfort avenue, Houston TX мекен-жайында орналасқан," деп жазады "Шаңырақ" қоғамдық ұйымының төрағасы Қуатбек Махум Facebook парақшасында.

Бүгінде қазақ тілі курсының ІІ семестрі өтуде. Сабақтарға қатысу үшін "OQ-BILIM" телеграм каналына жазылу қажет. Сабақ Microsoft Teams платформасы арқылы өтеді. Сондай-ақ, YouTube платформасындағы "Otandastar Channel" каналына жазылып, І семестрдегі сабақтарды көре алады.

Бөлісу:
АҚШ-та онлайн қазақ сыныбы ашылды · Egemen Qazaqstan