Экология
1 мин оқу 191

Қостанайда сібір елігін атқандар ұсталды

<p style="text-align: justify;">Тәртіп сақшылары Ұзынкөл ауданында сібір елігін атып алғандарды қолға түсірді, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a> Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне мәлімдеген.&nbsp;</p>

Ұзынкөл аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Денис Несин мен Пресногорьков ауылдық округінің қорықшысы Владимир Яшин Коняево көлінің маңында Toyota Hilux автокөлігін тексерді.

"Көлікте Қостанай қаласы мен Белоглинка ауылының 3 тұрғыны болған. Жол талғамайтын көліктің жанында заңсыз атылған еліктің терісі жатты. Тексеру барысында полицейлер 16 калибрлі екі ұңғылы мылтықты тәркіледі. Аталған дерек ҚР ҚК 337-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді, қазір тергеу шаралары жүргізілуде", делінген полиция департаменті таратқан ақпаратта. Жыл басынан бері полицейлер заңсыз аң аулаудың 12 фактісін тіркеді.

Бөлісу:
Қостанайда сібір елігін атқандар ұсталды · Egemen Qazaqstan