Жарнама
 
Технология
1 мин оқу 452

ABAI.ONLINE жобасы көпшілікке жол тартты

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласында физика-математика бағытында білім алатын Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары &ndash; Аманмырза Жүсіпхан мен Абжанов Алиханның ABAI.ONLINE атты авторлық жобалары көпшілікке жол тартты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Бұл платформаның көмегімен мектеп оқушылары IT саласындағы мамандар тапшылығын едәуір азайтып, заманауи әлеуетті арттырсақ дейді. Веб-сайттың жалпы интерфейсі жастарға арналған. Ең бастысы, осы салаға ниет білдірген әрбір тіркелуші ABAI.ONLINE қауымдастығына мүше бола алады.

Жоба авторларының айтуынша, олар республиканың түкпір-түкпіріндегі жастардың IT саласына қызығушылық танытатына сенімдері мол. Себебі әлемдік аренада, әсіресе, ақпараттық технология заманында еліміздің бәсекеге қабілетті, әрі ұтқыр шешімдер қабылдайтын жастардың қалыптастынына үміттері зор.

Ab.ai – программалауды тəлімгерлік оқытуға арналған Қазақстандағы ең ауқымды платформа. Бұл жоба IT саласында білім беріп жүрген әр аймақтың мұғалімдері мен оқушыларын бір ортаға тоғыстырады.  

Ab.ai – бір мақсатқа мүдделес адамдар қауымдастығын құра отырып, болашағы жарқын мамандықты даярлауды көздейді.

Кез келген тіркелуші аталған қауымдастыққа тегін тіркелуге мүмкіндігі бар.

Бөлісу:
ABAI.ONLINE жобасы көпшілікке жол тартты · Egemen Qazaqstan