Қоғам
2 мин оқу 462

21 мыңнан аса оңалту құралы берілді

<p style="text-align: justify;">Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, әлеуметтік қызметтер порталын іске қосқан осы жылдың басынан бері мүгедектігі бар адамдар үшін 21,3 мың оңалтудың техникалық құралы берілген.</p>

21 мыңнан аса оңалту құралы берілді

Портал мүгедектігі бар адам­­дар­ға оңалтудың тех­ни­ка­­лық құралын (ОТҚ) өнді­рушілері мен жет­кізушіні өз бетінше таңдауға мүм­кіндік береді. Көмектің ке­піл­­дік бе­ріл­­ген түріне тапсырыс беру электронды цифрлы қолтаңба арқылы жүзеге асыры­лады. Тапсырыс беріл­ген оңал­ту­дың техникалық құра­лын жеткізу арқылы немесе өз бе­тін­ше алып кетуге болады. Қазіргі уа­қытта порталда ОТҚ-ның 55 түрінің 24-і қолжетімді. Олар­ды жеке таңдау қажет емес. ОТҚ-ның жеке таңдап беру­ді қажет ететін қалған түр­лері 2021 жылы порталға ауыстырылады.

«Қазан айында портал ар­қы­лы жеке көмекшілер мен ым­дау тілі мамандарының қыз­­­меттеріне тапсырыс беру, сондай-ақ санаторлық-курорт­тық емдеу меке­месін таңдау бойынша қыз­мет қанатқақты режімде іске қосылды. Биылғы 2 қарашадағы жағдай бо­йынша жеке көмекшінің қыз­­мет­­теріне 47, ымдау тілі ма­ма­ны­ның қызметтеріне 44 және санаторлық-курорт­тық ем­деуге 15 тапсырыс жа­сал­ған. Мүгедектігі бар адам­дар­­­­ды оңалту құрал­да­р­ы­мен қам­­та­масыз ету проте­з­дік-ор­то­­педиялық, сурдо­техн­и­ка­лық, тифлотехникалық және ги­ги­е­на­лық құралдарды, сон­дай-ақ кресло-арбаларды ұсынуды қамтиды», делінген министрлік таратқан мәліметте.

Еске сала кетейік, элек­трон­ды ресурс мүгедек­ті­гі бар адамдарды қажетті қыз­меттермен және жет­кізу­шіден тікелей ОТҚ-мен қам­тамасыз ету мақ­са­тында әзірленген. Қазіргі уа­қыт­та порталда 772 жеткізуші тір­келген, оның 25-і ОТҚ ұсынады. 747 ұйым арнайы әлеу­меттік қызметтер көрсетеді. Минис­тр­лік жет­кізушілердің санын арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпа­­рат­тық жүйесін енгізу Мү­ге­­дектігі бар адамдардың құ­қық­тарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақ­сар­ту жөніндегі ұлттық жос­пар шең­бе­рінде көзделген. 1411 нөмірі бойынша колл-орта­лық­тан порталды пайдалану бойынша кеңес алуға болады.

Бөлісу:
21 мыңнан аса оңалту құралы берілді · Egemen Qazaqstan