Ауыр атлетика
1 мин оқу 190

Әлем кубогында үздік төрттікке енді

<p style="text-align: justify;">Бұл күндері Перудің бас шаһары &ndash; Лима қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы онлайн әлем кубогы өтіп жатыр.</p>

Әлем кубогында үздік төрттікке енді

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, жарыстың үшінші күнінде 73 кг салмақ дәрежесіндегі спортшылар сынға түсті. Бұл бәсекеде Қазақстан атынан Мей­рамбек Әбдіхалық қатысып, турнир нәти­жесінде төртінші орынға табан тіреді. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 275 (123+152) келіні бағындырған.

Айта кетелік, әзірге Қазақстан қоржы­нында жалғыз алтын бар. Бірінші жарыс күнінде 55 килода бақ сынаған Абылай Әуел­ханов қоссайыс нәтижесінде 237 (102+135) килоны еңсеріп, әлемдік жарыс­та топ жарды.

Бөлісу:
Әлем кубогында үздік төрттікке енді · Egemen Qazaqstan