Саясат
2 мин оқу 360

Сайлау құқығы баршаға бірдей

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы және &laquo;Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамның саяси және қоғамдық өміріне қатысуы&raquo; тақырыбында дөңгелек үстел өтті.</p>

Сайлау құқығы баршаға бірдей

Іс-шараны Орталық сайлау комиссиясы «Шырақ» мүге­дектігі бар әйелдер қауым­дас­ты­ғы­мен бірлесіп, Қазақстан Респуб­ликасындағы Адам құқық­тары жөніндегі уәкіл, Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тап­сырмалар жөніндегі елшісі, Ең­бек және халықты әлеуметтік қор­ғау вице-министрі және Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ Бағ­дарламалар офисінің қатысуымен өткізді.

Іс-шараның мақсаты мүге­дек адамдардың саяси және қо­ғамдық қатысуы бөлігіндегі Мүге­дектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі қағидаттары, мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз ету бойынша Ортсайлауком жүр­гізген жұмыс, мүгедек адам­дар­дың саяси қатысуы саласын­дағы ЕҚЫҰ стандарттары, Қа­зақстан Республикасы Парла­ментінің инклюзивтілігі және қол­жетімділігі бойынша базалық зерт­теу нәтижелері, сондай-ақ мем­лекеттің, ҮЕҰ және халық­аралық ұйымдардың осы бағыттағы бірлескен жұмысы туралы көпшілік қауымды хабардар ету болып табылады. Іс-шара офлайн және онлайн форматта өткізілді.

Қазақстан Республикасы Орта­лық сайлау комиссиясы жа­нын­­дағы мүгедектердің сайлау құ­қықтарын қамтамасыз ету жө­ніндегі жұмыс тобы отыры­сының және дөңгелек үстелдің жұ­мы­сына Парламент депутаттары, орталық мемле­кеттік орган­дардың, қоғамдық және халық­аралық ұйымдар­дың, мүгедек­тердің қоғамдық бір­лес­тікте­рінің, талдау орталық­тарының өкілдері, аумақтық сайлау ко­мис­сияларының төра­ғалары мен облыстардың, респуб­ликалық маңызы бар қала­лардың және астананың жұмыс­пен қамтуды үйлестіру және әлеу­меттік бағдар­ламалар басқар­ма­ларының бас­шы­лары, бұқа­ралық ақпарат құ­рал­дары қатысты.

ОСК жанындағы мүгедек­тер­дің сайлау құқықтарын қамта­масыз ету жөніндегі жұмыс тобы отырысының және дөңгелек үстелдің жұмыс қорытындылары бойынша мүгедек адамдардың қоғамның саяси және қоғамдық өміріне қатысуын қамтамасыз ету бойынша қарар қабылданды.

Бөлісу:
Сайлау құқығы баршаға бірдей · Egemen Qazaqstan