Аймақтар
1 мин оқу 133

Батыс Қазақстан облысында 20 мұғалім індет жұқтырды

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысында оқу жылының басынан бері 20 мұғалім коронавирус жұқтырған. Бұл туралы&nbsp;БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Таратылған мәліметке сәйкес індет жұқтырған 20 мұғалімнің үшеуі бастауыш сынып мұғалімдері.

Осыған дейін Орал қаласы бойынша 18, аудандарда 10 сынып карантинге жабылды.

Сондай-ақ қыркүйек айынан бері 6 мектепке дейінгі мекеме карантинге жабылған еді. Облыста соңғы тәулікте коронавирус 42 адам коронавирус жұқтырған. Оның 14-інде ауру белгілері байқалған, ал қалған 28 адамда ауру симптомсыз өтуде.

Бөлісу:
Батыс Қазақстан облысында 20 мұғалім індет жұқтырды · Egemen Qazaqstan