Аймақтар
1 мин оқу 170

Қызылордада жолдар жаңартылып жатыр

<p style="text-align: justify;">2020 жылы облыс орталығында 260 жол жөнделеді. Оның 210-ында жұмыстар аяқталды, 50 көше қиыршық таспен жабылған, 68-де тротуарлар жасалған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл жолдарды жөндеуге өткен жылдармен салыстырғанда екі есе көп қаражат бөлінді.

Бүгінде жұмыс Шанхай, Коммунизм, КБИ, Әл-Фараби аудандарында, Титов және Гагарин кенттерінде жалғасуда. "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында Арай шағын ауданындағы Жақаев көшесінің орташа жөндеуі аяқталуда. "Ақнұр-Авто" ЖШС ұзындығы жарты шақырым жолды асфальттауға кірісті.

Бөлісу:
Қызылордада жолдар жаңартылып жатыр · Egemen Qazaqstan