Оқиға
1 мин оқу 242

Шеберлер үйі ашылады

<p style="text-align: justify;">Шеберлер үйін ашу &ndash; жергілікті қолөнершілердің көкейіндегі арман. Осы арман орындалып, Нұр-Сұлтанда &laquo;Шеберлер үйі&raquo; ашылатын болды. Тұрақты орынжай мен бөлек ғимарат болса, шебердің айы оңынан туғаны.</p>

«Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады және әлеу­меттік бейімделуге, курстарда дағды­ларды алуға және тұрақты жұмыспен қамта­масыз етуге бағытталуы тиіс. Жаһандану жағ­дайын­да қазіргі заманғы саналы ұрпақты қа­лып­тастыру және жеке тұлғаны тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі», деді «Қоғам және мемлекет: серіктестік пен дамудың 30 жылы атты «Birgemiz» IX Аза­маттық форумы кезінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Бүгінде елордада бірнеше үкіметтік емес ұйым қазақтың дәстүрлі қолөнерін жан­дандыру бағытында жұмыс істейді. «Ас­тана-Береке», «Путь мастерства» сынды бірлестіктер елорда мектептерінің оқу­шылары үшін қолөнермен айналысатын ақысыз үйірмелер өткізеді. Сондай-ақ көп балалы аналар, ерекше қажеттіліктері бар балалар, аз қамтылған отбасылардан шыққан адамдар қолөнерді ақысыз негізде оқиды. Олар матамен және ағашпен, зергерлік бұйымдармен жұмыс жасауды үйренеді.

Бөлісу:
Шеберлер үйі ашылады · Egemen Qazaqstan