Футбол: Қазақстан бесінші себетте
<p style="text-align: justify;">Футболдан 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирінің жеребе тарту рәсімі кезінде Қазақстан құрамасы бесінші себетке түседі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Бұл жерде бізден бөлек, Армения, Кипр, Фарер аралдары, Әзірбайжан, Эстония, Косово, Литва, Латвия және Андорра бар. Ал өзге командалар мына себеттерге түсті:
Бірінші – Бельгия, Франция, Англия, Португалия, Испания, Италия, Хорватия, Дания, Германия, Нидерланд.
Екінші – Швейцария, Уэльс, Польша, Швеция, Аустрия, Украина, Сербия, Түркия, Словакия, Румыния.
Үшінші – Ресей, Мажарстан, Ирландия, Чехия, Норвегия, Солтүстік Ирландия, Исландия, Шотландия, Грекия, Финляндия.
Төртінші – Босния мен Герцеговина, Словения, Черногория, Солтүстік Македония, Албания, Болгария, Израиль, Беларусь, Грузия, Люксембург.
Алтыншы – Мальта, Молдова, Лихтенштейн, Гибралтар, Сан-Марино.
