Үкімет
1 мин оқу 460

Шойын жолдың сапасы тексерілді

<p style="text-align: justify;">Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті &laquo;Қазақстан темір жолы&raquo; ҰК&raquo; АҚ филиалдарында темір жол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамту мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізді.</p>

Шойын жолдың сапасы тексерілді

Арнайы жабдықтар мен мобильді диагностикалық кешен қолданылып, темір жол­дар мен бағыттамалы бұрма­ларды тексеру нәтижесінде (тек­серу қазан айында Қа­зақ­­­станның барлық өңір­лерін­­де жүргізілді) жолаушы­лар мен жүк пойыздары жү­ретін темір жолдарда қоз­ға­лыс қауіпсіздігіне қауіп төн­­діретін 1 мыңнан ас­там қателік анықталды. Тек­серу­дің қо­рытындысына сәй­кес, шо­­­йын ма­гистральды кү­тіп ұстауға қа­тысты олқы­лық­­тарды жою туралы нұсқа­малар берілді.

Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін өрескел бұзушылықтарға байланысты 127 темір жол мен 108 бағыттамалы бұрмаларды пайдалану тоқтатылып, 350 жыл­дамдық шектеулері енгі­зілді. Сондай-ақ арнайы жылжымалы құрамның 56 бір­лігін пайдалану тоқтатылды. Бұл олқылық­тарды жойғанға дейін Шығыс Қазақстан, Пав­ло­дар, Қостанай және Қара­ғанды облыстары мен басқа да өңір­лер­де қозғалыс шекте­ліп, жолау­шылар мен жүк по­йыздары­ның жүру кестесінде өзгерістер байқалды.

Биылғы он айда темір жол көлігі субъектілері қозғалыс қауіп­­­сіздігіне байланысты 826 де­рек тіркеліп, көліктік бақы­лау қыз­­меткерлері 53 млн теңге­ге жуық қаражатқа әкім­ші­лік мате­риалдар толтырды. Был­тыр­ғы ұқ­сас кезеңмен салы­стыр­ған­да атал­ған бағытта өрескел қате­лік­тер­дің өскені (2019 жылы 808 бұзу­шылық тіркелді) байқалады.

Бөлісу:
Шойын жолдың сапасы тексерілді · Egemen Qazaqstan