Оқиға
2 мин оқу 325

Ұлы даланың мәдени жауһарлары

<p style="text-align: justify;">Бағзыдан аян, түркі даласының қойнауы құтқа толы. Қаншама ғасырды басынан өткізсе де өркениеті дамып, түрленіп отырған. Бұған Ұлттық музейдегі &laquo;Ұлы даланың ежелгі өнері және технологиялары&raquo; залының ашылуында тағы бір мәрте көзіміз жетті.</p>

Ұлы даланың мәдени жауһарлары

Бұл маңызды іс-шараны Ұлттық музей Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесімен бірлесіп, Мәдениет және спорт министрлігі, Нұр-Сұлтан қала­сы және Шығыс Қазақстан облысы әкім­діктерінің қолдауымен ұйымдастырды.

Салтанатты шарада беташар сөзді Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы сөйледі.

«Ұлттық музейіміз «Ұлы даланың ежелгі өнері мен технологиялары» залын жасақтау мақсатында кешенді ғылы­ми-зерттеу жұмыстарын жүргіз­ген болатын. Атап айтқанда, «Алтын адам», «Тақсай ханшайымы», «Үржар ханшайымы» сияқты әйгілі тарихи ескерткіштер зерттеліп, Есік, Берел, Талды, Тақсай, Елеке сазы және тағы басқа қорғандардан табылған жәдігерлер қайтадан қал­пына келтірілді. Мұның барлығы ұлт­тық тарихымыз бен мәде­ниетімізді жаңғырту үшін жасалып отыр», деді А.Мұхамедиұлы.

Жиын барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Руха­ни жаңғыру» бағытын үйлестіру депар­таментінің жетекшісі Нұрлан Күн­туов, тарих ғылымдарының докторы, про­фессор Зайнолла Самашев, Нұр-Сұл­тан қаласы бойынша «Рухани жаң­ғыру» жобалық кеңсесінің директоры Ақерке Жұманбаева құттықтау сөз сөйлеп, Ұлы дала өркениетінің мәдени және рухани мұраларын саралап, олар­дың бүгінгі ұрпақ үшін маңызын атап өтті.

Зал экспозициясында көпшілікке Есік, Берел, Талды, Тақсай және та­ғы бас­қа қорған­дардан табылған, «аң стилін­де» орындалған скиф-сақ кезеңінің бірегей алтын бұйымдары ұсынылды. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлке­тану музейі қо­рындағы алтын бұйым­дар көрмесі қоса экспозицияланды. Бұл 2019-2020 жылдары Шығыс Қазақ­стан облысы Тарбағатай ауданының Елеке-Сазы қорымынан белгілі қазақстандық археологтер З.Са­машев пен А.Төлеу­баев тап­қан, IV-V ғасырларға жататын біре­гей архео­логиялық олжалар болып табылады.

Залдың ашылу салтанатына мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар, тарихшылар мен археологтер қатысты.

Бөлісу:
Ұлы даланың мәдени жауһарлары · Egemen Qazaqstan