Оқиға
1 мин оқу 173

Фашизмді айыптау фрагменттері

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде &laquo;Нюрн&shy;берг сабақтары: ұмы&shy;тыл&shy;&shy;мас үшін&raquo; көрмесі ашыл&shy;ды. Атал&shy;ған шараны Қа&shy;зақстандағы Ресей ын&shy;ты&shy;&shy;мақтастық өкілдігі, Ре&shy;сей тарихи қоғамы, Ұлы Отан соғысының Ор&shy;та&shy;лық музейі (Мәскеу) және Қазақ&shy;&shy;стан&shy;дағы Ресей Феде&shy;ра&shy;ция&shy;сы елшілігі бірлесе отырып ұйым&shy;&shy;дас&shy;тырды.</p>

Фашизмді айыптау фрагменттері

Көрменің ашылуында сөз ал­ған Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Ұлт­тық музей тарихи оқиғаларды зерттеуде бір ғана ежелгі немесе ортағасырлар кезеңімен шектеліп қалмайды. Біз үшін жаңа заман­да орын алған оқиғалар да өте маңызды. Бұған фашистік Гер­манияның іс-әрекетін айып­та­ған Нюрнберг процесінің бас­талуының 75 жылдығына орай ұйым­дастырылып отырған бүгінгі көр­меміз дәлел болады», деді.

Шара барысында Ресей тари­хи қоғамы басқармасының төр­­­ағасы, «История Отечества» қоры­­­ның ат­­қарушы директоры Кон­стан­тин Могилевский, Қа­зақ­стандағы Ресей ынты­мақтастық өкілдігінің басшысы Алексей Коропченко, Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институты ди­ректорының орын­басары, тарих ғылымдарының док­торы Бүркітбай Аяған сөз сөй­леп, Нюрнберг про­це­сінің тарихи маңызын ашып көр­сетті.

Көрме гитлерлік фашизмнің қыл­мысын айыптаған және Екінші дүниежүзілік соғыстың нүктесін қой­ған әлемдік тарихтағы алғашқы Ха­лықаралық әскери трибунал туралы сыр шертеді. Түрлі тарихи де­рек­тер­мен қатар көрмеде Нюрн­берг процесінің тікелей қаты­сушысы, киевтік Арсений Кудряв­цевтің жеке мұрағатынан алын­ған ерекше фотосуреттер мен құжаттар экс­позицияланды.

Бөлісу:
Фашизмді айыптау фрагменттері · Egemen Qazaqstan