Оқиға
1 мин оқу 273

Өткен дәуір жауынгерлерімен «кездесу»

<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласының №24 мектеп-лицейінің бас&shy;тауыш сынып оқушылары үшін түрлі дәуірдегі жауынгерлер мүсіндерінің көрмесі ұйымдастырылды. Балаларға экспонаттарды отставкадағы подполковник Арман Ахашов ұсынды.</p>

Өткен дәуір жауынгерлерімен «кездесу»

Көрмеде қалайы, пластмасса, алюминий, мырыш және мыс қорытпаларынан жасалған әртүрлі мөлшердегі мүсіндер ұсынылды. Бірегей топтамамен танысу балалар үшін ерекше оқиға болды.

Қазақ хандығы жауын­гер­­­лерінің көшірмелері, олар­дың жауынгерлік киім-кешектері мен қаруларының ұсақ-түйек­теріне дейін қай­тала­науы балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Сондай-ақ оқушылар ежелгі ғұндар, сақтар, моң­ғолдар, викингтер, орта ға­сыр рыцарлары, Наполеон дәуірінің сарбаздары және Екі дүниежүзілік соғыстағы кеңес жауынгерлерінің қару-жарақ­тарымен, жабдық­тарымен танысты.

1

«Өз елінің дәстүрлері, тарихы мен мәдениетіне ұқыпты қарайтын патриот­ты тәрбиелеу – заманауи ме­к­тептің маңызды мін­дет­терінің бірі. Осындай та­­нымдық іс-шаралардың көмегімен біз балалардың әскери қызметке деген қы­­­зығушылығын оятамыз, ата-бабаларымыздың дәс­түрлерін құрметтеуге, Отан алдындағы борыш сияқ­ты сезімін тәрбие­лей­міз», деп атап өтті мек­теп директоры Жанар Ны­санбаева.

Оқушылар көрмені ұй­­ым­дастырушылар мен коллек­­ционерге өткен ғасыр­лардағы, түрлі елдер мен ха­лықтардың жауынгер­ле­рімен қызықты және та­ным­дық «кездесу» үшін алғыс білдірді.

Бөлісу:
Өткен дәуір жауынгерлерімен «кездесу» · Egemen Qazaqstan