Оқиға
1 мин оқу 913

Алып ағаш

<p style="text-align: justify;">Сауырдың солтүстік беткейінен бастау алып, Зайсан көліне құйып жатқан Кендірлік өзенінің аңғары әсем. Алты адамның құшағы жетпейтін алып ағаш та осында.</p>

Алып ағаш

Көкжыра ауылының шет жағындағы бұл үйеңкіге қы­зықтап келушілер көп бол­ғанымен, ауылдықтар өздері көп мән бере бермейді. Ал көнекөз қариялардың айтуынша, бұл ағашқа екі ғасырдан астам уақыт болған. Болса болғандай-ақ. Айнала тұрып, алты адам құшағын жайса да жетпейді. Табиғаттың ғажабы дерсіз. Зайсандық өлке­танушы Фемистоколь Түсіп­бекұлының айтуынша, Шы­ғысты шыр айналсаң да діңі жуан мұндай ағаш кез­деспейді. Көкжыра ауылы өзеннің аңғарында орын теп­кендіктен үйеңкі ағашы көп. Ерекшеленіп өскені біреу ғана. Ол үйеңкінің діңі жуан бол­ғанымен, орта тұсынан салаланып кетеді.

Жалпы, жер бетінде үйең­кінің 150-ден аса түрі болса, Қазақстанда жеті-ақ түрі кездеседі екен. Оның екі түрі өзен бойында, сай-салаларда өсетін жабайы үйеңкілер. Ал қалғаны өзендік, шаған­жапырақ, шынартүс сынды үйеңкілер қолдан өсіріледі. Өскен ортасының клима­тына қарай сәуір, маусым ай­ларында гүлдеп, тамыз, қа­занда жеміс береді. Жапырағында 5-7 пайыз қант болғандықтан, шырыны тәтті. Ерте кезде аме­рикалықтар үйең­кіден қант өндірген де екен. Сондықтан да шы­ғар, үйеңкінің жапырағы Кана­да­ның ұлттық символы.

 

Шығыс Қазақстан облысы,

Зайсан ауданы

Бөлісу: