Аймақтар
1 мин оқу 210

Sulpak алдында кесілген ағаштар Қызыл кітапқа енгізілген

<p style="text-align: justify;">Sulpak ғимаратының алдында кесілген емендер Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Бұл туралы Алматы қалалық жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская мәлімдеді, - деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

"Басқарма емен түрінің құрамы мен келтірілген зиянды анықтау үшін ботаникалық бақ пен Іле-Алатау ұлттық паркіне сауал жолдады. Сарапшылар кесілген ағаштар Қазақстанның Қызыл кітабына енгенін анықтады. Ол жоғалу қаупінде тұрған сирек кездесетін түр", - деді Наталья Ливинская.

Басқарма басшысы ведомствоға кәсіпкерлер тарапынан ағаш кесуге өтініш түспегенін атап өтті.

"Жексенбіде біз оқиға орнына бардық. Екі жеке кәсіпкерге айыппұл салынды. Бұған олардың ағаштарды кескені және абаттандыру ережелерін сақтамағаны себеп болды. Біз Sulpak қожайынының өтемақы ретінде ағаштар отырғызуын талап етеміз", - деді Наталья Ливинская.
Бөлісу:
Sulpak алдында кесілген ағаштар Қызыл кітапқа енгізілген · Egemen Qazaqstan