Аймақтар
1 мин оқу 673

Абайдың 180 өлеңін жатқа айтады

<p style="text-align: justify;">Жақында Білім және ғылым министрлігі мен &laquo;Дарын&raquo; ғылыми-практикалық орталығының бастауымен ХХІ республикалық Абай оқулары өткен болатын. Ақынның 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған байқауға кілең озат оқушылар қатысып, ұлы ақынға құрмет көрсеткен-ді. Осы жарысқа қатысқан жетісулық Айгерім Сенбаева жүлделі екінші орын алды.</p>

Абайдың 180 өлеңін жатқа айтады

Айгерім Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Бәйтерек орта мектебінің 10-сыныбында оқиды. Өзінің әдебиетке құштарлығын бастауыш сыныптан-ақ байқатқан ол бұған дейін халықаралық Махамбет, Мұқағали оқу­ларына қатысып, бас жүлде еншілген екен.

– Сегізінші сыныпта оқып жүргенде ұстазым Гүл­­нұр Сағындықова апай «Сен Абай топырағында туған қызсың, ұлы ақынның шы­ғармашылығына терең бой­лауың керек. Даналық да­­риясына құлаш ұруға дайындал» деді. Осы сөз қам­шы болып, Абай атаның өлеңдерін, қанатты сөздерін оқи бастадым. Алғашқыда мәнерлеп оқып жүрдім, келе-келе мүдірмей жатқа айтатын болдым. Ал «Қара сөз­дерін» оқыған сайын ой тереңіне жетелей бере­тін­дігіне тәнті болған соң қызығушылығым тіпті арта түс­ті. Ұлы ақынның өлеңдерін, поэма­сын, қара сөздерін оқи оты­рып, замандастарыма одан өмір­­лік тағылым алуға болатынын жет­­кізгім келеді, – дейді Айгерім.

Оныншы сыныптың оқу­шысы қазір Абай Құнан­бай­ұлының 180 өлеңін, 5 қара сөзін, 2 поэмасын толықтай жат­қа біледі екен. Айтпақшы, ол жақында  облыстық білім басқармасы мен «Жетісу дарыны» орталығының ұйытқы болуымен өткен Бейсен Құ­ран­бек атындағы облыстық олим­­пиадада жүлделі 2-орынды иеленді.

Алматы облысы

Бөлісу:
Абайдың 180 өлеңін жатқа айтады · Egemen Qazaqstan