Қостанай облысында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді
<p style="text-align: justify;">Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында Бейімбет Майлин ауданындағы Тобыл станциясында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткен дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Медициналық мекеменің қайта ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов арнайы келіп қатысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

"Амбулатория елді мекендегі 7,5 мың адамға қызмет етеді. Мұндағы дәрігерлер бір ауысымның өзінде шақырту бойынша 30-дан астам мекенжайға барып, алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Биыл амбулаториядағы мамандар қатары жаңа кадрлармен толықты. Оның бірі – жаңа оқу бітірген жас маман, екіншісі – Жамбыл облысынан көшіп келген тәжірибелі дәрігер. Амбулатория бір ауысымда 35 науқасты қабылдайды, 15 төсек-орын бар", - деді облыс әкімінің орынбасары.
Тобыл дәрігерлік амбулаториясына биыл "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында 191 млн теңге қаржы бөлініп, емдеу мекемесі ғимаратының шатыры, қасбеті, ішкі бөлмелері толық жаңартылып, жаңа жиһаздар мен зертханалық жабдықтар сатып алынды.
