Қоғам
1 мин оқу 163

Ақтөбе облысында браконьерлер ұсталды

<p style="text-align: justify;">ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің жасағы "Жамбыл" шекара бөлімшесінің учаскесінде елікті заңсыз атумен айналысқан бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Белгілі болғандай 24 қараша күні ҚР азаматы Т. өзінің достары ҚР азаматтары, Ақтөбе қаласының тұрғындарын аң аулауға шақырған. Аталған адамдар тобы 3 автокөлікпен 6 дана елікті атқан. Көлікті тексеру кезінде елік ұшасы мен 8 қару табылған.

Ұсталғандар іс жүргізу шараларын қабылдау үшін Әйтеке би аудандық полиция бөлімшесіне тапсырылды.

Айта кетейік, Қазақстанда 18-20 мың елік бар, оларды аулау тек лицензия бойынша жүргізіледі. Аналықтар әдетте 9 айда өте әдемі, терісінде дақтары бар екі текшені өмірге әкеледі. Олардың өмір сүру ұзақтығы 12 жыл.

Бөлісу:
Ақтөбе облысында браконьерлер ұсталды · Egemen Qazaqstan