Қазақстанға ПТР-анықтамасыз 147 авиажолаушы келді
<p style="text-align: justify;">2 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Нидерланды, Корея, Мысыр, БАӘ, Түркия, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасынан 13 халықаралық әуе рейсі келді, - деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
992 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 845 адам, анықтамасыз 147 адам - ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 6 рейс, 449 жолаушы, анықтамамен - 324, анықтамасыз - 125;
Алматы қаласының әуежайына - 4 рейс, 412 жолаушы, анықтамамен - 392, анықтамасыз - 20;
Орал қаласының әуежайына - 2 рейс, 40 жолаушы, анықтамамен - 39, анықтамасыз - 1;
Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, 91 жолаушы, анықтамамен - 90, анықтамасыз – 1.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 147 азаматтың тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті.
