Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 115

ТОП-10 боксшының қатарында

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) өзінің кезекті жеңісінен кейін IBF (Халық&shy;аралық бокс федерациясы) тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы ТОП-10 боксшының қатарына қо&shy;сылды.</p>

ТОП-10 боксшының қатарында

Жуырда отандасымыз бір жылдық үзі­лістен кейін шаршы алаңға қайта оралып, намибиялық қарсыласы Джулиус Индонгоны (23-3, 12 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен сұлатып салған-ды. Осы жеңісі арқылы Елеусінов IBF Inter-Continental чемпионы вакантты белбеуінің иегері атанған-ды. Кәсіби мансабындағы алғашқы титулын иеленгеннен кейін жерлесіміз күні кеше жаңарған IBF рейтингінде 9-орыннан көрінді.

Қазіргі таңда бұл салмақтың (66,68 кг) чем­пио­ны америкалық кіші Эролл Спенс саналады. Ал рейтингтің бірінші орнын өзбекстандық былғары қолғап шебері Кудра­тилло Абдукахоров иеленіп тұр. Екін­ші орынға тағы бір америкалық Шон Портер, үшінші орынға ресейлік боксшы Сергей Липинец жайғасқан.

Бөлісу:
ТОП-10 боксшының қатарында · Egemen Qazaqstan