Аймақтар
1 мин оқу 202

Шымкентте өнеркәсіп өнімінің көлемі артты

<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласында 2 жыл бұрын өнеркәсіп өнім көлемі 319 млрд теңге болса, бүгінгі күні 523 млрд теңгеге жеткен.&nbsp; Бұл туралы Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов Президент жанындағы ОКҚ алаңында өткен баспасөз брифингінде баяндады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

"Елбасы Жарлығымен Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қалалар санатына қосылғанына 2 жылдан астам уақыт өтті.  Бұл тарихи шешім қаламыздың болашағы үшін үлкен мүмкіндік ашты. Осы жылдар аралығында шаһарға 1 трлн теңге инвестиция тартылды. Қала бюджеті 131,2 млрд теңгеден 455,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды, деді М.Әйтенов.

Сондай-ақ белсенді кәсіпкерлердің үлесі 71 пайыздан 88 пайызға артқан.

Бөлісу:
Шымкентте өнеркәсіп өнімінің көлемі артты · Egemen Qazaqstan