Қазақстандықтар Жаңа жылда қанша күн демалады?
<p style="text-align: justify;">Қазақстандықтардың Жаңа жыл мен Рождествода қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Дереккөз мәліметінше, биыл жаңажылдық ресми демалыс күндері – 1 және қаңтар. 2 қаңтар сенбіге түсетіндіктен, демалыс 4-не, яғни дүйсенбіге ауыстырылады.
Осылайша, бес күндік жұмыс аптасы бойынша қазақстандықтар 1, 2, 3, 4 қаңтарда, ал алты күндік жұмыс аптасы бойынша қазақстандықтар 1, 2, 3 қаңтарда демалады.
31 желтоқсан – бұл ресми жұмыс күні. Ол күні демалғыңыз келсе, онда бұл туралы жұмыс берушімен алдын ала келісу керек екені айтылады.
Жаңажылдық демалыстардан кейінгі келесі демалыс бейсенбі, 7 қаңтарға түседі. Бұл күні қазақстандықтар Рождествоны атап өтеді.
