Аймақтар
1 мин оқу 251

ҰҚК Алматыда бірлескен операция өткізді

<p style="text-align: justify;"><span lang="EN-US">2020</span><span lang="KZ">жылдың 21 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы бойынша ҰҚКД, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен және Алматы қаласы ПД бірлесіп заңсыз айналымнан &laquo;Күзет &laquo;МКК&raquo; АҚ қоймасында сақталған ірі қару-жарақ арсеналын тәркіледі.</span></p>

ҚР ҰҚК жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Күзет «МКК» АҚ қоймаларында азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау саласындағы заңнама талаптарын бұза отырып, ірі қару-жарақ арсеналы заңсыз сақталғаны туралы мәлімет алынды.

Ғимараттың периметрі қоршалмаған, қаруды сақтауға арналған үй-жайлар мақсатты пайдалануға арналмаған, күзет тек екі қызметкердің күшімен қамтамасыз етіледі.

Террористік, экстремистік ұйымдар мен қылмыс өкілдеріне оны тиісінше сақтамау туралы ақпарат түскен, сондай-ақ электоралдық кезеңде қауіп-қатерге жол бермеген жағдайда қару арсеналын ұрлау ықтималдығын ескере отырып, алдын алу шаралары қабылданды.

Нәтижесінде 254 тіркелмеген атыс қаруы мен 38 жарақат салатын қару, сондай-ақ 4600 түрлі оқ-дәрілер табылып, тәркіленді.

Аталған дерек ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша СДТБТ тіркелді. Тергеу-жедел іс-шаралары жалғасуда.

 
Бөлісу:
ҰҚК Алматыда бірлескен операция өткізді · Egemen Qazaqstan