Әлем
1 мин оқу 172

ХОК 2024 жылғы Париж олимпиадасындағы жүлделер санын қысқартты

<p style="text-align: justify;">Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2024 жылы Парижде өтетін Олимпида ойындарындағы медальдар санын азайтады. Бұл туралы ХОК президенті Томас Бах мәлімдеді.&nbsp;</p>

«ХОК атқарушы комитеті Олимпиада бағдарламасына енуге ұсыныс білдірген 41 оқиғаның біреуін де қабылдаған жоқ. Керісінше, жүлделер саны 339-дан 329-ға қысқарды.

Сондай-ақ, ХОК Олимпиадаға қатысушылар санын 10 500-ге дейін азайтады. Бұл Токио Олимпиадасынан қатысушылардан 600 адамға аз болмақ. Париждегі ойында ерлер мен әйелдер саны теңеседі деген болжамымыз бар. 2024 жылғы Олимпиадада гендерлік теңдіктің толық сақталуына қол жеткізгіміз келеді», - деді Бах.

Бөлісу:
ХОК 2024 жылғы Париж олимпиадасындағы жүлделер санын қысқартты · Egemen Qazaqstan