Қоғам
1 мин оқу 850
Мысырдан Қостанайға ұшып келген 11 жолаушы госпитальға жатқызылды
<p style="text-align: justify;">Бүгін Қостанай әуежайына Мысырдың Шарм Эль Шейх шахарынан ұшып келген халықаралық ұшақ қонды. Бортта 239 жолаушы, 6 экипаж мүшесі болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Қалалық санэпидбақылау басқармасы мен санитарлық-карантиндік бекет мамандары халықаралық авиарейстің барлық жолаушыларына термометрия және тест жүргізді. Сондай-ақ, жолаушылардың ПТР-тест анықтамасының бар-жоғы тексерілді.
Нәтижесінде, 11 жолаушының ПТР анықтасы болмай шықты. Жолаушылар зертханалық тексеруден өткізу мақсатында Тобыл қаласының карантиндік госпиталіне орналастырылды.
Бөлісу:
