Жарнама
 
Қоғам
2 мин оқу 244

Тренингке қатысамын деп тақырға отырды

<p style="text-align: justify;">Қазір &laquo;оп-оңай табысқа жетудің жолын үйретемін&raquo; немесе &laquo;қаржылық сауатыңызды арттырамын&raquo; дейтін түрлі тренингтер көбейді. Жарнамасы жер жарған мұндай ақылы жобалар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақша қаптап кеткеніне ел куә. Азаматтар тіршілігіне тірек болар кә&shy;сіп меңгеріп, білім-бі&shy;лі&shy;гін жетілдіргені жақсы-ақ әри&shy;не. Өкінішке қарай, қу&shy;лы&shy;ғына құрық бойламайтын пы&shy;сықайлар &laquo;аңқау елге арамза молданың&raquo; кебін жасап, алаяқтыққа да баратын болыпты.</p>

Тренингке қатысамын деп тақырға отырды

Алматылық құқық қор­ғау­­шылар таяуда осындай бір ши­кіліктің шетін бай­қап, жауап­кер­шілігі шек­теулі серіктестіктің біл­дей бір директорын аса ірі кө­лемде алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады.  Поли­ция де­партаменті мә­лім еткендей, күдікті  қар­жылық сауат арттыру бойынша семинарлар өткізіп, өзіне имандай ұйыған жұрт­ты қаржы көзін пайдалы акцияларда сақтау керек деп сендірген. Қазіргі таңда оның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен 725 адам анықталып отыр. Сонымен қоймай ол  биржалық сау­дамен айналысатын жалған компания­лар мен сайттар әзірлеумен шұ­ғылданыпты.

– Күдікті әйел мұндай әре­­кетімен іс жүзінде ұзақ уақыт айналысқан адам ре­тінде әдемі және сауат­ты сөйлегендіктен, келу­шілер оған сенген. Ал­данған аза­­маттарға ол акционер болуды және биржалық сау­далық актив­терге инвестициялау арқылы ақ­шаларын кө­бей­­туді ұсынған. Жоспар бойын­ша салымшылар са­лын­ған қаражаттан 40% пайда алуы керек болатын. Идеяны жүзеге асыруға вир­туалды платформа қа­жет болған және ол үшін «инвес­торларға» логин мен пароль беріліп, электронды әмиян тіркелген «itrade» сайты қолданылған. Олар іс жүзінде өздері сал­ған қаражаттың және алын­ған кірістің сомасын көр­генімен, бұл тек мони­тор­­дағы сандар ғана еді. Ин­вестиция белсенді «қаржыгердің» қалтасына түсіп отырған, –  дейді Ал­маты қалалық полиция департаменті тергеу бас­қармасы бастығының орынбасары Мұхамедәлі Сейсенұлы.

Тергеу барысында аза­мат­тардың инвестиция ретінде 500-ден 30 мың АҚШ долларына дейін ақша сал­ғаны анықталды. Салым­шылардың ешқайсысы уәде етілген соманы ала алмаған. Қаржылық сауатты үйретіп жүр­ген азаматша бас­тап­қыда алын­ған ақ­шаны төлеуді және қай­таруды жоспарламапты да. Құ­зырлы орынның бол­жамынша, оның қылмыс­тық әрекетінен 2019 жыл­дың қаңтарынан бас­тап жәбірленушілерге жалпы сомасы 180 мың доллардан астам мате­риалдық шығын келген.   

«Іс жүзінде зардап шеккен аза­маттардың саны әлдеқайда көп болуы, келген шығын мөлшері бұдан да жоғары болуы мүмкін. Күдікті сайтта жоғары кі­ріс­ті пайда тапқысы келе­тін­­дерді белсенді пайда­лан­ған. Қазіргі таңда Қыл­мыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу жү­ріп жатыр. Бұрын осыған ұқсас қылмыстары үшін қыл­мыстық жауапкер­шілікке тартылған, 1974 жылы туған азаматша Алматы қа­ла­сының уақытша ұстау изо­ляторына қамалды», деп мәлімдеді тергеу басқар­масының өкілдері.

 

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Тренингке қатысамын деп тақырға отырды · Egemen Qazaqstan