БҚО-да Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Меритократия қағидаттарына және ауысу тәртібіне сәйкес Батыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып Бауыржан Есқайырұлы Айтмағамбетов тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Бауыржан Есқайырұлы Айтмағамбетов 1981 жылы туған. Білімі – жоғары. Батыс Қазақстан Аграрлық-Техникалық Универстиеті мен БҚМУ "Жол қозғалысын ұйымдастыру" және "Құқықтану" мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары:
- "Жайық Строй сервис" ЖШС-нің менеджері;
- Тасқала ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің экономикалық және әлеуметтік даму сұрақтары бойынша бас маманы;
- Тасқала ауданы, Мереке ауылдық округінің әкімі;
- Тасқала ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып еңбек етті.
2018 жылдан бастап БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды.
