Пранк жасаған блогерлер 10-15 тәулікке қамалды
<p style="text-align: justify;">Алматы полицейлері жол бойында шахмат ойнаған пранкерлерді қамауға алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Блогерлер Әкімшілік құқық бұзу кодексінің «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша жазаланды. Істі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қарады.
«Сот шешімі бойынша ойыншылардың бірі - 15 тәулікке, екіншісі - 10 тәулікке қамалды. Олар қазір Алматының қабылдау-тарату орнында» деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Сондай-ақ, сот шешімімен құқық бұзушылардың жүріп-тұруына үш ай мерзімге ерекше талап қойылды. Еске салайық, 7 желтоқсан күні әлеуметтік желіде әл-Фараби даңғылының бойында шахмат ойнап отырған пранкерлердің видеосы тараған болатын.
