Нұр-Сұлтан коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймаққа кірді
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа кірді. Сонымен қатар бұл тізімде Павлодар облысы бар, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a></p>

Ал бұған дейін "қызыл" аймақта болған Солтүстік Қазақстан облысы "сары" аймақта тұр. Бұл туралы ұлттық қоғамдық денсаулық орталығының сайтында хабарланды.
Солтүстік Қазақстан облысымен қатар "сары" аймақта Атырау, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары мен Алматы қаласы бар.
Шымкент қаласы мен Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан облыстары коронавирустың "жасыл" аймағына кіреді.
Эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстан "жасыл" аймақта тұр.
Айта кетейік, өткен тәулікте 777 адамның коронавирус жұқтырды, оның ішінде астанада 121 адам індетке шалдықты.
