Жаңалықтар
1 мин оқу 264

Медициналық сақтандыру қорына қандай шағым жиі айтылатыны белгілі болды

<p style="text-align: justify;">Жыл басынан бері медициналық сақтандыру қорының байланыс орталығына Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 96&nbsp;мыңнан аса өтініш тіркелді, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a></p>

Медициналық сақтандыру қорына қандай шағым жиі айтылатыны белгілі болды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қор тұрақты түрде тұрғындармен кері байланыста жұмыс жүргізіп отырады.

1406  байланыс орталығына азаматтардан шағым-өтініштер түседі.

«Жыл басынан бері, 1 қаңтар мен 1 желтоқсан аралығында  Қордың  байланыс орталығына Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 96 884 өтініш тіркелді. Олардың бәрін мамандар қарады. Өтініштердің 70%-ы карантин кезінде түсті. Әлі де күн сайын шағым-өтініштер түседі», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, 1 қаңтар мен 1 желтоқсан аралығында  CRM Aikey жүйесінде  1045 шағым тіркеліп, халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімі олардың бәрін қарады.

Түскен  шағымдардың  15-і бойынша  объектілерге шығып, мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде, кейбір медицина ұйымдарына келісімшарттағы міндеттемелерін орындамағаны үшін айыппұл салынды.

Барлық шағымдар CRM Aikey жүйесі мен Qoldau 24/7 мобильді қосымшасына жүктеледі және уақытылы қаралады.

«Азаматтардан түсетін негізгі шағымдар: медициналық қызмет сапасына қатысты – 541, жолдама беруден бас тарту туралы  – 232, емханаға тіркеуден бас тарту туралы – 78, медициналық көмек көрсетуден бас тарту туралы  – 135, сақтандыру мәртебесі туралы – 59, алғыс білдіру – 25», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы тәулік бойы медициналық сақтандыруға және пациенттердің құқықтары бойынша сауалдар қабылданады.

Бөлісу:
Медициналық сақтандыру қорына қандай шағым жиі айтылатыны белгілі болды · Egemen Qazaqstan