Қоғам
1 мин оқу 420

Балалар баптаған бақ

<p style="text-align: justify;">Қызылқоға ауданындағы Мұқыр орта мектебінің оқушылары ботаникалық бақта тотықұс пен тасбақаны, балық пен гүлдің бірнеше түрін өсіруді қолға алды. Олар бұл іспен бір жылдан бері айналысады.</p>

Балалар баптаған бақ

– Ботаникалық бақ оқу­шы­лардың табиғатқа қызығу­шылығын арттыруға  ықпал етеді. Мұнда 6-9-сыныптардың оқушылары тотықұс пен тас­бақаны, балық­тарды қорек­тендіреді. Суын ауыс­тырып, өсімдіктерді баптайды. Оқу­шылар бақта ғылыми жобаларды қорғауға да дайындалады. Біздің мақсатымыз – балаларды жастайынан қоршаған ортаны қорғауға баулу, – дейді Мұқыр орта мектебінің директоры Венера Мырзағалиева.

Мектептегі «Жас нату­ра­­лис­тер» үйірмесінің же­тек­шісі, биолог Мейрамгүл Ме­ди­­нинаның айтуынша, оқу­шы­лар зерттеу жобаларын қоса жүргізіп, жүлделі орындарды иелене бастапты.

– Үйірмеде 11-14 жас ара­лы­ғындағы оқушылар төрт топқа бөлінді. Әр топта 10 ба­ладан бар. Мәселен, оқу­шы­ларымыз Нұрай Си­сенбай мен Салтанат Жұмабай рес­публикалық «Табиғатты ая­ла» байқауының облыстық кезеңіне қатысып, «Жасыл оазистер» аталымында бі­рін­ші орынды жеңіп алды. Олар сайыстың рес­пуб­ли­ка­лық кезеңінде үшінші орын­­ды иеленді. Қазір тағы бір оқушы – Елена Бер­кін­ғали «Қызыл құ­лақ­ты тас­ба­қалардың тір­­шілігі» та­қы­рыбында ғылыми зерт­теу жұ­­мысын дайындап жа­тыр, – дейді М.Мединина.

Атырау облысы

Бөлісу:
Балалар баптаған бақ · Egemen Qazaqstan