Қоғам
1 мин оқу 455
Тәуелсіздік күні елордада отшашу болмайды
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласында 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнінде отшашу болмайды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Елорда әкімдігі алдағы мереке күндерінде індеттің таралуына жол бермеу мақсатында санитарлық талаптарды орындауға шақырды. Сондай-ақ Тәуелсіздік күнінде отшашу болмайтыны мәлім болды.
Еске сала кетейік, Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар төрт күн қатарынан, яғни, 16,17,18 және 19 желтоқсан демалады. 18 желтоқсандағы жұмыс күні 20 желтоқсанға ауыстырылды.
Бөлісу:
