Оқиға
1 мин оқу 1,360

Шонжыда өрттен бір отбасы көз жұмды

<p style="text-align: justify;">Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли бүгін таңғы 05.40-та төтенше жағдайлар қызметіне Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түскенін хабарлайды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минутта жетті. Бұл кезде жеке тұрғын үй аумағындағы уақытша салынған нысан отқа оранған еді.

Өрт сөндіру барысында оқиға орнынан төрт адамның мәйіті табылды. Өрт сағат 06.09-да ауыздықталып, сағат 06. 45-те сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ 40 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:
Шонжыда өрттен бір отбасы көз жұмды · Egemen Qazaqstan