Оқиға
1 мин оқу 202

Қазығұртқа барды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Ауыл&raquo; партиясының өкілдері Түркістан облысы Қазығұрт тауының етегіндегі &laquo;Кеме қалған&raquo; алаңында іш-шара өткізді.</p>

Қазығұртқа барды

Іс-шараға партия өкілдері: Т.Рахимбеков, Қ.Айтуғанов, Б.Төлеген, З.Әліп­беков, Д.Кәпұлы, К.Аралбекова, Н.Арсютин, А.Сатыбалдин, Д.Қуатов және Б.Қыстауов қатысты.

«Ауыл» партиясының төр­­ағасы Әли Бектаев, сондай-ақ партия мүшелері Қар­лығаш Аралбекова, ақын Дәулет­керей Кәпұлы құттық­тау сөз сөйледі.

«Аңыз бойынша адамзатты су тасқынынан құтқарған Нұх кемесі осы жерге тоқтады. Адамзат баласының өсіп-өнуі дәл осы жерден бастау алады. Сондықтан қасиетті Қазығұрт жерін жаңғыру және жаңару мекені деп атауға болады.

«Атқа қону» ұғымы халқы­мыздың мүдделерін қорғау үшін күш жұмылдыруды білдіреді. Атқа қонғандар жақсылықтың жаршысы, партияның жоспар­лары мен ұсыныстарының хабар­шысы болады», деп атап өтті Ә.Бектаев.

Ақсақалдардың атынан мемлекет және қоғам қайраткері, «Ауыл» партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалының басшысы Исмат Тұрсынқұлұлы тілек білдірді.

Түркістан облысы

Бөлісу:
Қазығұртқа барды · Egemen Qazaqstan