Спорт
1 мин оқу 255

Нұр-Сұлтанда жүгіруден жарыс өтеді: кім қатыса алады

<p>Нұр-Сұлтан қаласында 27 желтоқсанда Триатлон паркте "Вирусқа спортпен соққы береміз" жеке жүгіруден жарыс өтеді, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a> қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Нұр-Сұлтанда жүгіруден жарыс өтеді: кім қатыса алады

Әкімдіктің хабарлауынша, белгіленген маршрут бойынша жүгіру түрлі жастағылар үшін бірдей, 10 км қашықтықта және әр қатысушы жеке өз стартымен жүгіреді. Уақыт аралығы – кем дегенде 30 секунд.

"50 және 60 жас тобындағы қатысушы ерлер мен әйелдер жарысты таңғы 07:00-ден, 40-49 жастағы азаматтар таңғы 08:30-дан, 30-39 жас аралығындағылар 10:00-ден, 18-29 жастағы қатысушылар таңғы 11:00-де бастайды.
Топ боп жүгіруге тыйым салынады. Ең аз қашықтық – 5 метр. Қатысушылар саны шектеулі, ең көбі – 300 адам", делінген хабарламада.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау 28-30 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қалалық Триатлон Федерациясы кеңсесінде сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қашықтан өтеді.

Іс-шараны Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының "Триатлон Федерациясы", "Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика федерациясы", "Қазақстан велосипед спорты федерациясы" ұйымдастырды.

Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда жүгіруден жарыс өтеді: кім қатыса алады · Egemen Qazaqstan