Қоғам
1 мин оқу 490
Ұшақ бортынан ауруханаға жеткізілген сәби қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы 30 қарашада ұшақ бортынан жедел ауруханаға жеткізілген 6 айлық сәбидің қайтыс болғанын мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
"Нәресте өте ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Ал, 2 желтоқсан күні биологиялық өлім тіркелді. Дәрігерлер баланы құтқара алмады. Баланың ата-анасы Оралдың тұрғындары", дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз өкілі.
Еске сала кетейік, 30 қарашада бортта болған сәби өзін нашар сезінгендіктен, Ақтаудан Түркияға ұшып шыққан ұшақ әуежайға қайта оралған еді.
Бөлісу:
