Шымкентте үшем дүниеге келді
<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласында үшем дүниеге келді. 27 жастағы бақытты ана Гауһар Нарметова қыз балаларды дүниеге әкелді, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, бұл, жыл басынан бері Шымкентте дүниеге келген алтыншы үшем.
«Лейла, Лейсан және Луиза есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты. Жас ана қарашаның 25-сі күні 35 апталық кезінде ота тәсілімен туды. Операцияны Перинаталды орталықтың білікті акушер-гинекологы Сауле Дүйсенбаева жасады. Нәрестелердің туғандағы салмақтары 1490-2490 грамм болды», деді басқармадан.
Босанған әйел мен үшем 20 күн бойы қалалық Перинаталды орталықта дәрігерлердің бақылауында болған. Денсаулық жағдайлары жақсарған соң, олар кеше үйлеріне шығарылды.
