Қоғам
1 мин оқу 140

Атырауда жылына 30 млн бетперде шығарылмақ

<p style="text-align: justify;">Атырауда &laquo;Брандо&raquo; аталатын зауыт бар. Бұған дейін бір реттік шприцтер шығарған еді. Енді бұл зауытта жылына 30 млн медициналық бетперде шығарылмақ.</p>

Атырауда жылына 30 млн бетперде шығарылмақ

Қауіпті індеттің бірінші тол­­қынында бұл өңірде де ме­ди­­циналық бетперденің тап­шы­лығы байқалды. Кейбір дәрі­ханаларда оның бағасы ша­рық­тап, 500 теңгеден асты. Ел-жұрт қиналған сондай сәтте бір реттік шприцтер мен өзге де препаратты тегін таратқан зауыттың құрылтайшысы Махмут Ме­ра­лиев енді медициналық бетперде шығаруға бет бұрды. Оның бұл жобасы Үкімет тарапынан қолдау тауып отыр. Енді медициналық масканың алғашқы партиясы Тәуелсіздік күні қарсаңында сатылымға тү­седі.

– Қазір медициналық бетперде шығаруды қолға алған «Доктор Хаус» ЖШС-да 20 адам жұмыс істейді. Бір рет­тік медициналық бетперде то­қыл­маған материалдан ті­гі­ле­ді. Оны пайдалану уа­қы­ты – 2 сағат. Ересектерге арнал­ған үш қабаты бар қорға­ныш бетперденің жылына 30 млн данасы шығарылады, – дейді зауыттың бас инженері Мұхтар Махметов. – Болашақта бала­лар­ға арналған бетперде де да­йын­­далады.

Оның айтуынша, қазір бет­пер­де дайындайтын екі желі жұмыс істеп тұр. Енді жақында үшіншісі іске қосылады. Ал төртінші желі көршілес Ресей­ден келе жатыр. Зауыттың қуа­ты айына 1 миллион 800 мың дана бетперде шығаруға есеп­те­ліпті.

– Біздің мақсатымыз – сапалы бетперде шығару. Сол себептен бетперденің сапасы жіті тексеріледі. Арнайы қаптамаға 50 данадан топтап саламыз. Бір қорапта 2 мың данасы бар, – дейді зауыттың ауысым басшысы Риза Жалмұрзина.

Бөлісу:
Атырауда жылына 30 млн бетперде шығарылмақ · Egemen Qazaqstan