Жарнама
 
Аймақтар
1 мин оқу 230

Атырауға Ресейден келген жеті адамнан коронавирус табылды

<p style="text-align: justify;">Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Амантай Жұмағалиевтың мәлім етуінше, Ресей Федерациясының Астрахань облысынан 6 қазаннан бері шекарадағы өткізу пункті арқылы 13 мыңнан астам адам келген,&nbsp;деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a></p>

Атырауға Ресейден келген жеті адамнан коронавирус табылды

«Оның ішінде 1 656 адамда – 210 жолаушы мен 1446 жүргізушіде ПТР-тесттен өткені туралы анықтама болған жоқ. Олардың бәрі  карантиндік стационарға жатқызылды. Ал, 6 жүргізуші мен бір жолаушының ПТР-тест қорытындысы коронавирусқа оң нәтиже көрсетті. Науқастың бәрі емделуге жіберілді» дейді Амантай Жұмағалиев.

Ал шетелден Х.Доспанова халықаралық әуежайына келген жолаушылардан коронавирус инфекциясы анықталған жоқ.

Бөлісу:
Атырауға Ресейден келген жеті адамнан коронавирус табылды · Egemen Qazaqstan