Жарнама
 
Аймақтар
1 мин оқу 143

Рудныйда өрт шыққан пәтерден екі адамның денесі табылды

<p style="text-align: justify;">Қостанай облысы Рудный қаласындағы бес қабатты үйден шыққан өрттен екі адам қаза тапты, деп хабарлайды <a href="http://www.egemen.kz">Egemen.kz</a><u>.</u></p>

Рудныйда өрт шыққан пәтерден екі адамның денесі табылды

«Өрт туралы хабар 21 желтоқсан күні сағат 00:55-те кезекші пультіне түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткенде тұрғын үйдің екінші қабатындағы екі бөлмелі пәтерден түтін шығып жатты. Құтқарушылар  32 адамды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялады. Жанып жатқан пәтердің есігін арнайы құралмен ашуға тура келді. Өрт сағат 01:35-те толық сөндірілді. Қызыл жалынды ауыздықтауға 11 адам мен 3 техника жұмылдырылды. Өрт отты абайсыз қолданудан шыққан», деп мәлімдеді  облыстық ТЖҚ-нің баспасөз орталығы.

Отқа оранған пәтердің ішінен 61 жастағы үй иесі мен 1954 жылы туған  2-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі адамның жансыз денесі табылған.

Бөлісу: