Аймақтар
1 мин оқу 310

Жаркентте балабақшада өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Жаркент қаласындағы жекеменшік балабақшада өрт шықты. Бұл туралы Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a></p>

Жаркентте балабақшада өрт шықты

Ақпаратқа сәйкес, төтенше оқиға "Дана Бала" балабақшасында болған. Мекеме асханасының шатыры жанып кеткен.  Өрт 40-45 минутта ауыздықталды.

"Өрт аумағы 90 шаршы метр. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрт сөндірушілер жеткенше қызметкерлер балаларды қауіпсіз жерге шығарып үлгерді", - деді Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Отты ауыздықтау үшін үш арнайы техника жұмылдырылған.

Бөлісу:
Жаркентте балабақшада өрт шықты · Egemen Qazaqstan