Экономика
1 мин оқу 351

Қарағанды шахтерларына өтемақы төлене бастады

06 12-ShahterҚарағанды облысының мүгедек шахтерлары денсаулықтарына зақым келгені үшін өтемақы алуда. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

120 кенші «Альянс-полис»-тен алғашқы сақтандыру үлестерін алды. Тағы 200-ге жуық адам кезекте тұр. «Альянс-полис» қазіргі кезде бізбен одақтасып жұмыс істеуде. Жаңа жылға дейін барлық өтемақы төленеді деп ойлаймыз»,-дейді «Қорғау» кеншілер кәсіподағының бөлім бастығы Александр Поляков.. Айта кетейік, 300-ге жуық мүгедек-кенші осы күнге дейін «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы төлеуі тиіс өтемақыға қол жеткізе алмай келді. Денсаулықтарына залал келіп, соған тиісті төлемді ала алмағаны үшін олар талай рет митингілерге де шықты... 

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Астана» телеарнасы

Бөлісу:
Қарағанды шахтерларына өтемақы төлене бастады · Egemen Qazaqstan