Аймақтар
1 мин оқу 272

Алаяқта айла көп

<p style="text-align: justify;">Былтырмен салыстырғанда осы жылы Қызылордада қылмыс түр&shy;лерінің азайғаны анық байқалады. Дегенмен де полицейлер алаяқтық жасап, жұртты алдағандардың жиілеп кеткенін айтып отыр.</p>

Алаяқта айла көп

Өзіне сенген жұрттың қалтасын қағуды ойлайтындар әдіс-айлаларын да «жетілдіріп» алған. Олардың қатарында қыз-келін­шектердің көптігіне де көз үй­реніп барады.

Облыс орталығынан жаңа пәтер алу­ды жоспарлап жүрген қала тұрғыны осы жылдың тамыз айында осындай бір алаяқтың арбауына түсіпті. «Жаңа ауданнан жайлы пәтер алуға, оның құжаттарын рәсімдеуге көмектесемін» деген әйелдің сөзіне шүбәсіз сенген тұрғын оған 3 млн теңгені шытырлатып санап берген. Көп ұзамай көңіліне күдік кіріп, берген ақшасын қайта сұрапты. Алаяқ әйел алғанының 1 млн теңгесін ғана қайтарып, қалғанын кейін бермекке уәде етеді. Кесімді мерзім ұзап бара жат­қан соң алданғанын анық сезген тұрғын 27 қарашада Қызылорда қалалық полиция басқармасына алаяқтық дерегіне қа­тысты арыз түсіріпті.

Қызылорда қалалық Полиция бас­қар­­масы қызметкерлері жүргізген жедел-із­дес­­тіру шараларының нәти­жесінде облыс орталығының 57 жастағы тұрғыны ұс­­талды. Өзіне қатысты ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат тү­рін­де бұлтартпау шарасы қолданылған кү­­дікті жасаған іс-әрекетін толық мойын­дап отыр.

Қазір алаяқ әйелдің үстінен Қылмыс­тық кодекстің 190-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

ҚЫЗЫЛОРДА

Бөлісу:
Алаяқта айла көп · Egemen Qazaqstan