Қоғам
1 мин оқу 221

Міндетті салық төлеушілердің тізбесі кеңейтілді

<p style="text-align: justify;">"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) енгізілген толықтырулар мен &nbsp;өзгетулерге сәйкес, электронды шот-фактуралар жазып беруге міндетті салық төлеушілердің тізбесі кеңейтілді. Аталған толықтырулар Салық кодексінің 412-бабына енгізілген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Электронды шот-фактуралар жазып беруге міндетті салық төлеушілердің тізбесі келесі санаттармен толықтырылады:

- электронды шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модуліне келіп түскен тауарлар осындай салық төлеушілерге өткізілген жағдайда, қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер;

- құны 1 000-еселеленген АЕК-тен асатын азаматтық-құқықтық мәміле бойынша Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелмеген резидент-заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелер мен орта білім беретін мемлекеттік ұйымдарды қоспағанда), қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар;

- жүктерді халықаралық тасымалдау қызметтерін көрсететін салық төлеушілер.

Түзетулер 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енеді.

Бөлісу:
Міндетті салық төлеушілердің тізбесі кеңейтілді · Egemen Qazaqstan