Аймақтар
1 мин оқу 910

Шымкентте іскер әйелдер марапатталды

<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан кәсіпкерлікті дамытуға қосқан және қаланың қоғамдық өміріне белсене араласқан 7 іскер әйелге ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның Алғыс хатын табыстады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Марапаттау рәсімінде Шыңғыс Жұмабекұлы іскер әйелдерді Тәуелсіздік күні және алдағы келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әкімдік тарапынан игі бастамаларды қолдауға әзір екенін жеткізді.

– Еліміз егемен алғаннан бүгінге дейінгі жетістіктерінің бастауында өздеріңіз тұрсыздар. Сіздерді ел тәуелсіздігінің 29 жылдығы және жаңа жыл мерекесімен қала әкімдігінің атынан шын жүректен құттықтаймын. Орталарыңызда абыройлы болыңыздар, -деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

Марапатталған әйелдердің тізімі:

Оспаналиева Рәшкүл Жәлелқызы  – «Береке А» корпарациясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры. Шымкент қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссия төрағасының орынбасары.

Жандосова Баян Айтбекқызы – «Шымкент қаласының әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

Созақбаева Эльмира Райымбекқызы – «Шымкент қаласының іскер әйелдер ассоцияциясы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

Архабаева Алма Нұралықызы – «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы Шымкент қаласы бойынша іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.

Хасанова Шахноза Кулабуллақызы  – «Сана-Сезім әйел бастамасының құқықтық орталығы»  қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

Масалиева Алиса Касымовна – «Южный –Казахстан» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.

Вероцкая Гүлжан Ералиевна – «Re-Frame» жеке тұлғаны дамыту орталығының директоры, бизнес –тренер, психолог.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бөлісу:
Шымкентте іскер әйелдер марапатталды · Egemen Qazaqstan