Аймақтар
1 мин оқу 466

Саяқтағы сауапты іс

<p style="text-align: justify;">Саяқ деп аталатын ауыл Қарағанды облысының түкпірінде орын тепкен. Жақын деген Балқаш қаласының өзінен 170 шақырымдай жерде. Бүгінгі күнде бұл ауылда 2,5 мыңға жуық тұрғын бар.</p>

Саяқтағы сауапты іс

Мәселесі бастан асатын бұйығы ауыл­дың тұрғындары таяуда қуанышты оқиғаның куәсі болды. Жергілікті кәсіп­кер Бекзат Слямбек кенттегі алғаш­қы әлеуметтік дүкенді ашып, жерлес­терінің алғысына бөленді.

Аталған сауда нүктесінде тауардың 19-ға жуық түрі сатылады. Мұндағы макарон, пияз, ұн, жұмыртқа, күнбағыс майы сияқты азық-түлік түрлері үлкен сұранысқа ие. Бұлардың бағасы да қолжетімді: басқа дүкендерге қарағанда 15-20%-ға арзан. Мысалы, мұнда картоптың килосы 150 теңгеден сатылады. Бұл дегеніңіз, ауылдағы ең төмен баға. Сатушылардың айтуынша, екі күннің ішінде әлеуметтік дүкендегі тауарлардың 80%-ы өтіп кеткен.

Саяқ кентінің әкімі Асқар Ботаханов әлеу­меттік дүкен ашқан Слямбековтер отба­сы­ның кентте белсенді қызмет ат­қара­­тынын айтады.

– Кәсіпкер отбасының иелігінде ша­ғын жиһаз салоны, тұрмыстық техниканы сату бөлімі және тоңазытқыш, теледидар және телефон жөндейтін шеберхана бар. Олар­дың дүкені жергілікті сауда орындары ара­сында мықты бәсекелестік тудырды, – дейді ол.

Кәсіпкер Бекзат Слямбек алдағы уа­қыт­­та тауарды Қарағандыдағы көтер­ме сау­да нүктелерінен сатып алып, оны ауыл­­ға жүк көлігімен жеткізіп алуды жос­пар­лап отыр.

Қарағанды облысы,

Саяқ кенті

Бөлісу:
Саяқтағы сауапты іс · Egemen Qazaqstan