Руханият
1 мин оқу 510

Жаңа жыл жылнамасынан сыр шертеді

<p style="text-align: justify;">Өмірі өнермен біте қайна&shy;сып жатқан Семей қала&shy;сының халқы жаңа 2021 жылды қарсы алуға ерекше дайындалып жатыр. Әрине, елдегі жағдайға байланысты мерекелік концерттердің болмай&shy;тыны анық. Бірақ Ф.Дос&shy;тоев&shy;с&shy;кий атындағы әде&shy;би-мемориалдық музейде &laquo;Былтырғы қар-2020&raquo; ат&shy;ты көрме ашылды.</p>

Жаңа жыл жылнамасынан сыр шертеді

Тарихи музейде ұйымдас­тырылған көрмеге 200-ден астам әртүрлі жаңажылдық атрибут қойылған. Көрме сөре­лері заманауи шырша ойыншықтарымен қатар, кеңес­тік кезеңнің көзіндей антик­вариат дүниелермен толық­тырылған. 

Бұрын-соңды ұйым­дасты­рыл­маған көрмеге келушілер жаңа жыл қарсаңында жа­зылған көне хаттарды, XIX ға­сыр­дың аяғынан бастап, бүгін­гі күнге дейінгі шыршаны бе­зендіруге арналған заттар­ды көре алады.

– Ерекше әсердемін. Бейне­бір балалық шағыма қайта орал­ғандай сезімде тұрмын. Ол заманның салты бойынша туған-туыстарға, жора-жол­дастарға ақ параққа ақ тіле­гімізді ақтарып отырып хат жазушы едік. Міне, көрмеде сол заманның ашықхаттарын, шыр­шаға ілетін кеңестік ойын­шық­тарды көріп, бала күнім еске түсті, – дейді мектеп мұғалімі Лаура Қажанова. 

1

Көрмені ұйымдастырушы Владимира Соловьеваның ай­туынша, жаңажылдық сарғайған хаттардың, ойыншықтардың өз тарихы бар екен.

Сонымен қатар «Былтырғы қар-2020» атты көрмеден    жер­гі­лікті қолөнершілер жасаған жаңа­жылдық заттар да орын тап­қан. Өткен ғасыр мен бү­гін­­гі заманды ұштастыра ұйым­­­­­дас­тырылған көрме 2021 жыл­­­­дың 20 қаңтарына дейін жалғасады. Көрмені тамашалаймын деушілер, шектеу шараларына орай алдын ала телефон арқылы жазылып, белгіленген уақытта ғана келулеріне рұқсат.

СЕМЕЙ

Бөлісу:
Жаңа жыл жылнамасынан сыр шертеді · Egemen Qazaqstan